ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғани Ташқараев жүргізді.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Әуелі «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2024 жылға жұмыс жоспары туралы басқарма басшысының есебі таңдалды. Екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының есебі тыңдалды.
Жиында Жол картасы бойынша орындалмай қалу қауіпі бар мәселелер нақтыланып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу мәселесі пысықталды. Партиялық бақылау жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар ұсыныс-тілектер айтылып, тапсырмалар берілді.