Мәһрге 2 мың кітап сұраған актриса көпті таңғалдырды
Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова мәһрге не сұрағысы келетінін айтты, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, ол бұл кітаптарды ұрпақтарына қалдырғысы келеді.
“Көбі көлік, үй сұрап жатады. Менің арманым – үлкен кітапхана жасау. Мен шамамен кітапхананың қандай болатынын білемін. Маған 2 мың кітап берсе екен деймін. Әшейін кітап емес, бір сирек кітаптар берсе. Басты мақсат – бір күнде беру емес, жылдар бойы бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты болашақта балаларымызға, немерелерімізге беру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша жақсы кітаптар сыйласа екен”, дейді актриса.