Елордалық өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды
15 ақпан күні сағат 18.21-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Тәуелсіздік даңғылы, 21 мекен-жайына барды, деп хабарлайды Erkinsoz.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер 8 минуттан келгеннен кейін он екі қабатты “7я” тұрғын үй кешенінің бесінші қабаттағы пәтерде ас үй бөлмесінде 15 ш.м. алаңда жиһаз бен керілген төбенің жануы орын алғаны анықталды.
Өрт сағат 18.57-де өрт сөндірілді.
Өрт сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер үш адамды құтқарып, 30 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады.
Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 26 адамы және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.