Түркістан облысында кәсіпкерден 400 мың теңге пара алған құрылыс бөлімінің басшысы жазаланды

Биылғы жылдың 5 мамырында Бәйдібек аудандық сотының үкімімен Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиев параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 12 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.
“Ол Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында «дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс» объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген Антикор таратқан ақпаратта.