Мектеп директорлары жемқорлық фактілері бойынша қатаң тексеріледі – министр

Жеті жылдан астам қызмет атқарған мектеп, балабақша директорлары жемқорлық фактілері бойынша тексерілмек деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.
Бұл туралы Білім министрі Ғани Бейсембаев конкурстық рәсімдерге, жұмысқа орналастыруға, балабақшалар мен мектептердегі орынмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мекеме директорларының ұзақ мерзімге орнынан алынбауына байланысты елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екенін атап өтті.
«Жеке мүдде мәселесін, әрбір директор мен есепшінің қызметтік тәртібін мұқият зерделеу қажет», – деді ол.