«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТ ПЕН ҰСТАЗДАР ОРТАҚ ШЕШІМ ІЗДЕДІ
69
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Талғат Ысқақов «Жұмысшы мамандықтар жылы» асында қала педагогтарымен кездесу өткізді. Жиынның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және сала мамандарымен ашық пікір алмасу болды.
Кездесу барысында білім мен ғылымды дамыту бағыттары, мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасау, оқу орындарына жаңа технологияларды енгізу, оқу бағдарламаларын жаңғырту және білім сапасын арттыру тетіктері қарастырылды.
Ашық диалог форматында өткен басқосуда ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Өз кезегінде депутат Талғат Ысқақов білім саласын қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Ол мұндай кездесулердің маңызды екенін атап өтіп, педагогтардың ұсыныстары назарға алынатынын жеткізді.