«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТӨРАҒА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
94
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жолдыхожаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындардың талап-арыздары тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Жиынға бірқатар басқармалардың өкілдері мен аудандық әкімдік қызметкерлері қатысып, азаматтардың өтініштеріне байланысты нақты түсіндірмелер берді. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен инфрақұрылым, жер, баспана, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.
Мұрат Жолдыхожаев әрбір өтінішпен мұқият танысып, тиісті әріптестерімен бірге шешу жолдарын талқылады. Нәтижесінде кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапты. Ал күрделі сипаттағы проблемалар хаттамаға енгізіліп, зерделеуді қажет ететіндіктен партиялық бақылауға алынды.
Партия филиалы төрағасының айтуынша, тұрғындармен осындай тікелей кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, азаматтардың мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатын болады.