«AMANAT» ПАРТИЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
94
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Айжан Наимбекова «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі инфрақұрылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау бағытында көмек сұрады. Атап айтқанда, Дулатов көшесінің тұрғыны көше бойындағы ескірген арық-атыздардың жай-күйіне шағымданып, оны ретке келтіруге ықпал етуін өтінді. Бұл мәселе бойынша депутат тиісті мекемеге жедел хабарласып, мәселенің жақын арада шешілетінін түсіндірді.
Сонымен қатар, бірқатар азаматтар әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке жүгінді. Айжан Наимбекова олардың өтінішін назардан тыс қалдырмай, жеке қаражаты есебінен бір реттік қаржылай қолдау көрсетті.
Кейбір күрделі мәселелер зерделеуді қажет ететіндіктен хаттамаға енгізіліп, партиялық бақылауға алынды. Депутаттың айтуынша, тұрғындармен мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.