«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТАЗАЛЫҚ ІСІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
78
Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл игі шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты арттыру және өз қаласына деген сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсету.
Жыл басынан бері «AMANAT» партиясының бастамасымен Шымкент қаласында «Таза бейсенбі» акциясы 41 рет ұйымдастырылып, оған 3500-ден астам азамат жұмылдырылды. Акция барысында қала аумағынан 39 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілді.
Бүгінгі тазалық жұмыстарына 80-ге жуық қатысушы – қалалық партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық және аудандық филиал қызметкерлері, елді мекен билері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық мекеме өкілдері мен тұрғындар атсалысты.
Қатысушылар қаланың тазалығына ерекше мән беріп, тазалық мәдениетін күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырудың маңыздылығын атап өтті.
«Қала келбеті – әр тұрғынның көзқарасы мен жауапкершілігінің айғағы. Егер әрқайсымыз өз ауламыздың, көшеміздің тазалығына үлес қосатын болсақ, Шымкент шын мәнінде таза, әсем және жайлы қалаға айналады»,
– деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов.
«AMANAT» партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырып, таза әрі қауіпсіз қала ортасын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды көздеп отыр.