«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
81
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Алғыс хатымен марапаталды.
Марапатты Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұркен Әлімқұлов табыстады.
Нұркен Құрманұлы: «AMANAT» партиясының қоғамды біріктірудегі ерекше рөліне тоқталып, халықтың ауызбіршілігін сақтау мен дамыту жолындағы еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ алдағы уақытта да Ассамблея мен партия арасындағы тығыз әріптестік пен бірлескен жобалардың сәтті жалғасады,-деді.
«AMANAT» партиясы — елдің барлық аймағында азаматтық бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыруға, халықты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге бағытталған түрлі әлеуметтік және қоғамдық жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан іргелі саяси ұйым.
Өз кезегінде Ербол Байқонысов алғысын білдіріп:
Партияның Саяси тұғырнамасында: «Қазақстан – әлемге татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің алтын бесігі ретінде танылған мемлекет. Бірлік – мемлекетіміздің іргетасы. Біз жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта отырып, еліміздегі ұлтаралық татулыққа, конфессияаралық келісімге сына қағуға ешқашан жол бермейміз.
Бұл марапат — бүкіл ұжымның еңбегіне берілген әділ баға. Партияның әрбір мүшесі ел ішінде татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында өз үлесін қосып келеді. Біз алдағы уақытта да қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейте береміз», — деді.
Осындай марапаттар партия қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып қана қоймай, елдің дамуы мен татулығын сақтау жолындағы еңбекті одан әрі жандандыра түсетіні сөзсіз.
Бұл марапат — партияның ел ішіндегі бірлік пен қоғамдық келісімді, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайту бағытындағы жүйелі еңбегін жоғары бағалаудың айқын көрінісі.