«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
83
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Талғат Балтабаев, қалалық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, Денсаулық сақтау басқармасының уақытша міндетін атқарушы Сәуле Дүйсенбаева, сондай-ақ комиссия мүшелері қатысты.
Отырыс барысында «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген Жол картасының орындалу барысы, соның ішінде Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының атқарған жұмыстары талқыланды.
Баяндамашы Сәуле Дүйсенбаева денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар, медициналық қызмет сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытындағы шаралар жөнінде ақпарат берді.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша:
• Медициналық ұйымдарды жарақтандыруға 5,6 млрд теңге бөлінді;
• 25 санитарлық автокөлік алу рәсімдері жүргізілуде;
• Жеке инвестициялар есебінен 3 жаңа медициналық орталық пайдалануға берілді;
• 1253 маман біліктілігін арттырды;
• 2394 медицина қызметкері симуляциялық орталықта оқытылды.
Комиссия мүшелері атқарылған жұмыстарды талқылап, бірқатар ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Жол картасында көзделген көрсеткіштердің сапалы әрі уақтылы орындалуы партиялық бақылауда болатыны атап өтілді.
Отырыс қорытындысында партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Талғат Балтабаев партияның басты міндеті – халыққа тиімді қызмет ету және әрбір бастаманың нақты нәтижеге бағытталуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
«AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комиссиясы ел игілігі үшін қабылданған бағдарламалық міндеттемелердің уақтылы және сапалы орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды.