«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ – ТЕҢ МҮМКІНДІК КЕПІЛІ
72
Шымкент қаласы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда ерекше форматтағы «Тең мүмкіндіктер әлемі» атты инклюзивті спорт фестивалі өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды спорт арқылы қоғам өміріне бейімдеу, олардың әлеуетін арттыру және тең мүмкіндік қағидатын кеңінен дәріптеу болып табылады.
Фестиваль «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы, Әйелдер қанаты және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Айта кетейік, бұл фестиваль — республикалық кезеңге іріктеу турының аймақтық кезеңі болып табылады.
Іс-шараға:
• «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов;
• Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, партияның Әйелдер қанатының мүшесі, филиал жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова;
• Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Әйелдер қанатының мүшесі, «Кедергісіз келешек» жобасының амбассадоры Алина Дубинина;
• Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов;
• Психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Жанна Утесинова қатысты.
Сонымен қатар, фестивальге қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, демеушілер, «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында балалар бочча, жеңіл атлетика, және көңілді старттар бағыттары бойынша өзара сынға түсіп, ерекше белсенділік танытты.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғыс хаттар, медальдар және арнайы сыйлықтар табысталды.
Фестиваль мейірім мен түсіністікке, қолдау мен ынтымақтастыққа толы мерекеге айналып, балалар мен ата-аналардың, ұстаздар мен еріктілердің жүздеріне қуаныш сыйлады.
«AMANAT» партиясы инклюзивті қоғам құруға, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуетін арттыруға және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына бағытталған шараларды алдағы уақытта да жалғастыра береді.