«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘРБІР ӨТІНІШ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА
75
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында мәслихат депутаты, партия фракциясының мүшесі Бақытжан Позилов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, несиелік жүктемесі, жұмысқа орналасу және коммуналдық жеңілдіктерге қатысты өтініштері қаралды. Әр азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндірме беріліп, нақты шешу жолдары ұсынылды.
Карима Хайдарбекова – жалғызбасты, көпбалалы ана. Несие мәселесі бойынша өтініш білдірді. Депутат демеушілер арқылы көмек қарастыру бағытында жұмыс жүргізілетінін айтып, мәселені жеке бақылауына алды.
Сонымен қатар өзге тұрғындар да әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы өтініштерін жеткізді. Олардың қатарында көпбалалы аналар мен зейнеткерлер бар. Бірқатарына депутаттың демеушілігімен нақты көмек көрсетіліп, балаларға киім-кешек пен тұрмыстық заттар табысталды. Кейбір азаматтарға коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер алу тәртібі түсіндіріліп, несиелік қиындықтар бойынша құқықтық кеңес берілді.
Қабылдау нәтижесінде бірнеше мәселе өз шешімін тауып, қалғандары депутаттың және партия филиалының тұрақты бақылауына алынды.
«AMANAT» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әрбір өтініш иесіне жанашырлықпен қарап, нақты көмек көрсетуге басымдық береді.