«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТАЗАЛЫҚ – ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
75
«AMANAT» партиясының бастамасымен Шымкент қаласында өткізіліп келе жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы тұрғындар арасында кең қолдау табуда.
Бүгінде бұл шара тек бір күндік тазалықпен шектелмей, қала мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.
Іс-шараға партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық және аудандық партия қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, қала тұрғындары мен коммуналдық шаруашылық мекемелерінің қызметкерлері қатысып, тазалық пен тәртіпке деген жоғары жауапкершілік үлгісін көрсетіп келеді.
Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар тек қоқыс жинаумен шектелмейді, ол – қоғамдық сана мен азаматтық мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы.
«Әр тұрғын өз ауласын таза ұстаса, бүкіл қала көркейеді. Бұл – баршамыздың ортақ міндетіміз»,
– деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да қала экологиясын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыратын болады.