«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
83
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті.
Жиынға партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасарлары Ербол Байқонысов пен Талғат Балтабаев, мәслихат депутаттары, кеңес мүшелері және қалалық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы 2025 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтардың профилактикасы бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Басқарма басшысының айтуынша, 2025 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында экологиялық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Кеңес барысында қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, инфрақұрылым сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесуді қорытындылаған кеңес төрағалары Жеңісбек Тұрғанов пен Берген Ержаппар алдағы уақытта да бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.