«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
85
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында бекітілген кестеге сәйкес мәслихат депутаты, фракция мүшесі Бөкейхан Әбішев азаматтардың жеке өтініштері мен мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, тұрғын үймен қамту, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, алимент төлемі және ауыз су жүйесін ретке келтіру сынды өзекті мәселелер көтерілді.
Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, тиісті заң талаптары мен уәкілетті органдардың құзыретіне сәйкес түсіндірме берілді. Бірқатар мәселелер бойынша депутат тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, тиісті мекемелермен бірлесе шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, депутат өз құзыреті аясында әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету және проблемалық мәселелерді жүйелі түрде шешу бағытында бірқатар бастамаларды қолға алатынын атап өтті.
«AMANAT» партиясы тұрғындардың өтініштерін дер кезінде қарауды, ашық диалог орнатуды және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды өз жұмысының негізгі басымдығы ретінде айқындап отыр.