«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА
75
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Бақытжан Сейітжан тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен шағымдары тыңдалды.
Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандар болды. Олардың қатарында көпбалалы аналар, жалғызбасты әйелдер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.
Мәселен, қабылдауға келген жалғызбасты ана Ақмарал Жетпісбаева дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін көтерді. Депутат оның өтінішін назарға алып, тиісті құзырлы мекемелерге жолданатынын айтты.
Сонымен қатар, Бақытжан Сейітжан әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, бір реттік көмек көрсетіп, жеке қаражаты есебінен қолдау білдірді.
Бұл қабылдау «AMANAT» партиясының халықпен етене жұмыс істеудегі және азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге деген жауапкершілігін тағы да айқындады. Мұндай жеке қабылдаулар тұрғындардың күнделікті өмірінде туындайтын түйткілді мәселелерін жеңілдетуге бағытталған маңызды шара болып табылады.