Абай ауданында құрылыс жұмысшыларына құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
9
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Абай ауданы прокуратурасы еңбек инспекциясымен бірлесіп, құрылыс нысандарында жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде еңбек құқықтары, жалақының уақытылы төленуі, еңбек шарттарының сақталуы және қауіпсіз еңбек жағдайлары түсіндірілді.
Жұмысшылар сұрақтарына жауап алып, іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы