«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТТІ
67
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Айжан Наимбекова «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға қатысты өз өтініш-шағымдарын жеткізді.
Қабылдау барысында қала тұрғыны Н. Қуанышбекова мамандандырылған бөбектер үйіндегі заңсыздықтар туралы мәлімдеді.
«Мен сол мекемеде жұмыс істеймін. Ондағы балаларға берілетін тағам талапқа сай емес. Бұл мәселені көтергенім үшін мекеме басшысы тарапынан қысым көріп жүрмін», — деді ол.
Тұрғынның айтуынша, аталған ұйымдағы өзге де олқылықтар туралы мәселе бар. Жағдаймен мұқият танысқан депутат тиісті органдарға заң аясында шара қабылдауға ықпал ететінін айтты.
Қабылдауда жұмыс іздеп келген азаматтар да болды. Олардың өтініштерін тыңдаған Айжан Наимбекова жұмыссыз тұрғындарды «GraMad» супермаркетіне жұмысқа орналастыруға жәрдемдесті.
Партияның қоғамдық қабылдауындағы мұндай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.