«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: АҚЖАЙЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН КӨТЕРДІ
54
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Талғат Ысқақов Абай ауданына қарасты Ақжайық шағынауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға Абай ауданы әкімінің орынбасары Әжедин Мейіржан Ғаниұлы қатысты.
Кездесуде тұрғындар балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін ойын алаңшасын салу қажеттігін алға тартты. Бұл мәселенің өзектілігін ескерген депутат тиісті жұмыстар жүргізуге ықпал ететінін жеткізді.
Сондай-ақ, басқосуда аумақты абаттандыру, аулалардың тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Барлық ұсыныс-пікірлер хаттамаға енгізіліп, тиісті органдарға жолданатын болды.
Жиын соңында Талғат Ысқақов:
«Тұрғындардың белсенділік танытып, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамай нақты ұсыныстар білдіргендері үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай ашық диалог форматындағы кездесулер тұрақты түрде жалғасатын болады», – деді.