«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ОЙЫН
73
«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты «Қайнарбұлақ» бастауыш партия ұйымы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырды.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Иманқұлов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыстың негізгі мақсаты – ұлттық зияткерлік ойындарды дәріптеу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және олардың бойында ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру болды.
Тоғызқұмалақ — қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан зияткерлік мұрасы, халық даналығының, есепке жүйріктігі мен сабырлы мінездің көрінісі. Ойын барысында оқушылар тек логикалық есептеуге ғана емес, шыдамдылық пен ой стратегиясын құруға да машықтанады.
Жарысқа мектептің белсенді оқушылары қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Әрбір қатысушы жоғары деңгейде дайындық танытып, зияткерлік қабілетін шыңдады. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Шара барысында қатысушылар ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін ерекше атап өтіп, мұндай жобалардың жастардың рухани және мәдени дамуына зор ықпал ететінін айтты.
Мектеп ұжымы мен бастауыш партия ұйымының мүшелері осындай дәстүрлі шараларды тұрақты түрде өткізуге ниетті екендіктерін жеткізді.
«Ұлттық мұра» жобасы – ұлт құндылығын ұлықтап, ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткен бастама.
«AMANAT» партиясы ұлттық мәдениетті, тарих пен салт-дәстүрді дәріптеу арқылы жас буынды отансүйгіштік пен жауапкершілікке баулуға әрдайым басымдық береді.