«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ЕЛ ИГІЛІГІНЕ СІҢГЕН АДАЛ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ
65
«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің құттықтау хатымен Шымкент қалалық филиал жанындағы аймақтық кеңестің мүшелері Бауыржан Алтеевті 70 жасқа және Серік Әуесхановты 60 жасқа толуына орай, филиал төрағасы Мұрат Жолдыхожаев арнайы марапаттады.
Филиал төрағасы Мұрат Жаңабайұлы: “Бұл азаматтар – өз өмірін туған жерінің өркендеуіне, елдің дамуына және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту ісіне арнап келеді. Көпжылдық адал еңбегі мен табанды қызметінің нәтижесінде түрлі мемлекеттік және қоғамдық марапаттарға ие болды.
Сонымен қатар, Әлтеев Бауыржан Ілімшаұлы — Шымкент қаласының Құрметті азаматы.
Оның өмірлік ұстанымы – елге адал қызмет ету, қоғам мүддесін бәрінен биік қою және жас ұрпаққа үлгі болу.
Мемлекет пен партия жұмысына белсенді қатысып, ел дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда әрдайым алдыңғы шепте келеді.
Ал, Серік Елемесұлының кәсіби жолы – үздіксіз ізденіс пен елге қызмет етудің жарқын көрінісі. Ол жастар тәрбиесіне, мемлекеттік басқару ісін жетілдіруге және қоғамдық өмірге белсене араласуға зор үлес қосты.
Тәжірибелі маман, білікті ұйымдастырушы ретінде Қазығұрт және Сарыағаш аудандарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен басқармаларында жауапты қызметтер атқарып, өңірдің әлеуметтік және рухани дамуына айрықша еңбек сіңірді”, – деді.
«AMANAT» партиясы өз қатарындағы белсенді азаматтардың ел дамуына қосқан үлесін әрдайым жоғары бағалайды.
Аталған тұлғалар – қоғамның рухани тірегі, жастарға үлгі, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген нағыз патриоттар.