«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
76
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Ержаппар, Аль-Фараби аудандық прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп, №6 жалпы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс жүргізіліп, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Оқушыларға заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік, адалдық пен әділдік қағидаттарының маңызы түсіндіріліп, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы нақты мысалдар келтірілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны мен оның алдын алу жолдарына тоқталды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауатын арттыруға, заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.