«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘРБІР ӨТІНІШ — НАҚТЫ ІСПЕН ШЕШІМІН ТАБУДА
69
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Байкен Аширбаев азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, тұрмыстық жағдай және құқықтық мәселелер қаралды.
Қабылдауға келген Раушан Жұмабекқызы – зейнеткер. Ол қоғамдық қабылдау кезінде банкке қатысты мәселесін айтып, көмек сұраған болатын. Тыңдау барысында мәселенің алаяқтардың заңсыз әрекетімен байланысты екені анықталды.
Депутат Байкен Аширбаев заңгермен бірлесе отырып, зейнеткерге полицияға арыз беру және заң аясында әрекет ету тәртібін түсіндірді. Азаматтың құқығын қорғау бағытында қажетті кеңес пен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында тұрғын партия тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін ризашылығын білдірді.
«Осындай қабылдаулар біз сияқты мұқтаж жандар үшін үлкен демеу. Байкен Аширбаев мырза біздің жағдайымызды түсініп, шын ниетпен көмек көрсетті. Партия мүшелерінің осылай халыққа жақын болғаны қуантады», — деді қала тұрғыны Раушан Жұмабекқызы.
«AMANAT» партиясы азаматтардың өтініштерін назардан тыс қалдырмай, әрбір мәселенің шешімін табу жолында нақты іспен жұмыс істеуді жалғастырып келеді.