«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР» ЖЫЛЫНА ОРАЙ КӘСІБИ БАҒЫТТАҒЫ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
68
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, елімізде еңбек адамының мәртебесін көтеру, қарапайым жұмысшыға деген құрметті арттыру бағытында ауқымды бастамаларды жүзеге асыруды тапсырды.
Осыған орай, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен қаламыздағы 80 жылдан астам тарихы бар №3 индустриалды-техникалық колледж базасында мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағыттағы экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жас буынды өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен таныстыру, еңбекке баулу және болашақ мамандығын таңдауға бағыт беру.
Экскурсия барысында оқушылар білім мекемесінің өндірістік бағыттарын, заманауи технологиялардың жұмыс істеу жүйесімен танысты. Сондай-ақ, сала мамандарымен сұхбаттасып, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпараттар алды.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов пен Тұран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев қатысты.
Ербол Байқонысов өз сөзінде жастардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға бет бұруының маңыздылығын атап өтті:
«Бүгінгі таңда жұмысшы және техникалық мамандықтар – ел экономикасының негізгі тірегі. Осындай кездесулер арқылы біз жастардың кәсіби бағыттылығын арттырып, нақты өндіріспен танысуына мүмкіндік береміз. Әрбір жас өз қабілетіне сай мамандық таңдап, ел дамуына үлес қосса – бұл үлкен жетістік», – деді ол.
Атап айтқанда, колледж келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:
• Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару;
• Электр жабдықтары;
• Токарлық іс;
• Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
• Дәнекерлеу ісі;
• Есептеу техникасы және ақпараттық желілер.
Игі шаралар жастар арасында еңбекке деген қызығушылықты арттырумен қатар, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына серпін береді.