«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҰСТАЗ – ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІН ТӘРБИЕЛЕЙТІН ТҰЛҒА
76
Шымкент қалалық білім саласы өкілдерін «AMANAT» партиясының «Мұғалім Talks» жобасы аясында ерекше еңбек еткен ұстаздарға құрмет көрсетті.
Мұғалімдер мен білім саласының үздік өкілдері «Белсенді қызметі үшін» медалі, «Құрмет» грамоталары және «Алғыс хат»-пен марапатталды.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, Атқарушы хатшының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ қаладағы колледждер мен мектептердің ұстаздары қатысты.
Өз сөзінде Мұрат Жолдыхожаев:
«Білім беру саласы – қоғам дамуының өзегі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру жүйесін жаңғыртып, мұғалім мәртебесін арттыруға ерекше мән берді. Ұстаз – елдің ертеңін тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан мұғалім еңбегіне қолдау көрсету, оларға тиісті жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. “AMANAT” партиясы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді», – деді.
Шара барысында партия тарапынан педагогтардың мәртебесін арттыру, білім беру саласын цифрландыру және жасанды интеллектті тиімді енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы атап өтілді.
«AMANAT» партиясы ұстаздарға қолдау көрсетуді, олардың кәсіби беделін арттыруды және заманауи білім беру ісін дамытуға серпін беруді басты бағыттарының бірі ретінде айқындап отыр.