«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
92
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов «Ұстаздар күні» мерекесіне орай педагогтар қауымымен кездесіп, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздарды құттықтады.
Мереке қарсаңында ұстаздарға жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіндегі ерен еңбектері үшін Алғыс хаттар табыс етілді.
Өз сөзінде Ербол Рәбілұлы ұстаздардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып:
«Сіздердің жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбектеріңіз – еліміздің болашағы үшін аса қымбат. Ұстаз еңбегінің қадірі қашанда биік, бұл мереке – сол еңбектің лайықты бағалануы», – деді.
Сондай-ақ, ол педагогтарға мықты денсаулық, отбасына амандық және еңбекте табыс тілеп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін абыройлы қызмет ете берулеріне сенім білдірді.
«Ұстаздар күні» – ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың белгісі. Олардың тәлімі мен тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, еліміздің өркендеуіне зор ықпалын тигізері сөзсіз.