«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК – ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ
85
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға жәрдемдесу және күнделікті өмірде туындайтын өзекті мәселелерін шешуге қолдау көрсету.
Қабылдауға «Zangerler Palatasi» заң консультанты Нұрлан Мырзабай мен Шымкент қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Бауыржан Мархабаев қатысып, тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдады.
Кездесуге келген азаматтар түрлі мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, несие төлеу барысында туындайтын қиындықтар, жер және газ мәселесіне қатысты түйткілдер, көпбалалы статусын алу рәсімдеріндегі кедергілер, сондай-ақ алаяқтық фактілеріне қатысты өтініштер қаралды. Тәжірибелі заңгерлер әрбір жағдайға жекелей тоқталып, құқықтық тұрғыда кеңес беріп, заңға сәйкес шешу жолдарын түсіндірді.
«AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын қабылдаулар – халықтың әлеуметтік және құқықтық мәселелерін дер кезінде шешуге бағытталған нақты қадам. Партия үшін ең бастысы – әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, оған қолдау көрсету.