«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» – ОРТАҚ ИГІЛІК ҮШІН
69
Бүгін Қаратау ауданында дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық және аудандық партия қызметкерлері, жастар мен еріктілер, сондай-ақ коммуналдық шаруашылық мекемесінің мамандары қатысып, аумақты абаттандыруға үлес қосты.
Акция барысында қала көшелері мен спорт алаңшаларында тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін күшейтеді.
Жыл басынан бері Шымкент қаласында 39 рет «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, нәтижесінде 37 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Мыңдаған қала тұрғыны осы ортақ іске белсенді түрде атсалысып келеді.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да аталған бастаманы тұрақты түрде жалғастыратын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын қаланы таза ұстап, көркейтуге шақырамыз!