«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҚАРТТАРҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
65
1-қазан – Халықаралық қарттар күні аясында ардагерлерге арналған шара өтті. Іс шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшы орынбасарлары Ербол Байқонысов пен Талғат Балтабаев, фракция мүшесі, әйелдер қанатының мүшесі Айжан Наимбекова және Қаратау аудандық филиал атқарушы хатшысы Данияр Омаров қатысып, зейнет жасындағы қарияларға сый-сияпат табыстап, мерекемен құттықтады.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп халқымыз бекер айтпаған. Үлкенді құрметтеп, олардың ақыл-кеңесін тыңдау – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында қарияларымыздың қоғамдағы мәртебесін арттыру, әлеуметтік қолдау көрсету және ұрпақ тәрбиесіндегі орнын күшейту көзделген.
Жиында сөз алған Ербол Байқонысов:
«Ардагерлеріміз – ел тарихының куәгері, тәуелсіздіктің бастауында тұрған асыл қазыналарымыз. Олардың өнегелі өмірі – жас ұрпаққа сарқылмас үлгі. Сондықтан қарияға құрмет көрсету – елдіктің белгісі», – деді.
Сонымен қатар фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Айжан Наимбекова да ардагерлерге ізгі тілегін арнады.
Тұран ықшам ауданының орам билері
«Біздің жағдайымызға көңіл бөліп, құрмет көрсетіп отырғандарыңызға үлкен ризашылығымызды айтамыз. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деп тегін айтылмаған. Жасап жатқан қамқорлықтарыңыз жастарға өнеге, келешекке үлгі. Алла еңбектеріңізге береке берсін!» – деді ақсақалдар.
«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы – қарттарға деген шынайы құрметтің айқын көрінісі. Бұл – халқымыздың асыл дәстүрін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.