«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҚИЫНДЫҚҚА ТАП БОЛҒАНДАР КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ
61
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараға қалалық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Талғат Балтабаев, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар қатысып, азаматтардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі алаяқтардың арбауына түсу, несие қарызын төлеудегі қиындықтар, жер даулары және алимент өндіру мәселелері бойынша көмек сұрады. Әрбір азаматқа құқықтық кеңес беріліп, арыз-шағымдары заң аясында қаралды.
Жиын барысында көтерілген мәселелердің бірқатары дер кезінде шешімін тапты. Ал зерделеуді қажет ететін күрделі проблемалар арнайы хаттамаға енгізіліп, партиялық бақылауға алынды.
Партия өкілдерінің айтуынша, халықтың құқықтық сауатын арттыруға, олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.