«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ЕҢБЕК КҮНІНЕ» ОРАЙ ӨҢІРАРАЛЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
120
Шымкент қаласында «Еңбек күні» мерекесі мен «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара «Арбат» демалыс аймағында өтті.
Жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, жұмыс күші тапшы өңірлерден келген делегаттар өңіраралық жұмыспен қамту мен ерікті қоныс аудару мәселелерін түсіндірді.
Ірі жұмыс берушілердің қатарында «Бал Текстиль», «ПетроҚазақстан», «Asia Trafo», «NURTAU distribution company», «KARLSKRONA» секілді компаниялар болды.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Берік Серікұлы Беркімбаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Жәрмеңке аясында 371 мекемеден 2 285 тұрақты, ал 918 мекемеден 2 118 уақытша бос жұмыс орны ұсынылды.
Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Берік Серікұлы қала тұрғындарын Еңбек күні мерекесімен құттықтап, «Еңбек жолы – 2025» конкурсының жеңімпаздарына қала әкімінің алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар еңбек озаттарына қалалық мәслихат депутаты Альбина Елшиева мәслихаттың алғыс хатын тапсырды.
Ал «Парыз – 2025» конкурсының жеңімпаз кәсіпорындарын «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев марапаттады.